Ерлік-елге ұран, ұрпаққа аманат

15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерінің шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Ерлік-елге ұран, ұрпаққа аманат» атты Әскери-техникалық мектебінің Шымкент филиалының тәрбиеленушілерінің қатысуымен патриоттық кеш ұйымдастырылды.

Мемлекеттік гимнен басталған кешті кітапхана директоры Раушан Бабажанқызы ашып берді.

Шара барысында бейнебаян көрсетіліп, Ауғанстанда қаза тапқан жауынгерлерімізді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Кеш қонақтары «Қарулы күштер ардагерлері» РҚБ Шымкент қаласы филиалының төрағасы, Шымкент қаласы қорғаныс істер Департаментінің қызметкері отставкадағы полковник С.М.Онбаев, Ауған соғысының ардагері Т.Тилемисов, «Ардагерлер кеңесі» төрағасының орынбасары полковник Е.Е.Маликов, «Қарулы күштер ардагерлері» РҚБ Шымкент қаласы филиалының төрағасы орынбасары Т.Б.Кенжебаев, Әскери-техникалық мектебінің тәрбие жөніндегі орынбасары П.Бекботаев өз естеліктерімен бөлісіп, екінші жаһан соғысына пара-пар зардабы мен залалын шашқан Ауған соғысының тарихы мен бастан кешкен оқиғалардан сыр шертті.

Н.Ондасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясының оқушылары арнайы құттықтап, әдеби композиция мен патриоттық әндерінен шашу шашты.

«Артқа