Мұхаммед Хайдар Дулатиге – 525 жыл

Көрнекті мемлекет қайраткері, әйгілі тарихшы, әдебиетші Мұхаммед Хайдар Дулатидің 525 жылдығына орай «Шығыс тарихшыларының дүлдүлі» тарихи кеш өтті. Іс-шараны кітапхана директоры Бабажанова Раушан Бабажанқызы алғысөзімен бастады.

Тарихшы-ғалымдар, тарих пәнінің мұғалімдері, М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназия оқушылары, «Жеңіл өнеркәсіп және сервис» колледжінің студенттері қатысып, «Ғасырлар даналығы» бейнеролигінен М.Х.Дулатидің өмірі, тарихи еңбектерімен таныстырылды.

Кеш қонақтары Шымкент Университетінің оқытушысы Жанабаев Бейбіт Шекербекұлы, А.П.Чехов атындағы №21 жалпы білім беретін мектептің тарих пәнінің мұғалімі Асылбеков Есбол Сенбекұлы, М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназияның тарих пәнінің мұғалімі Исламбеков Қазыбек Тоқтамышұлы ұлы тұлға туралы мағлұматтар беріп, тың деректермен ақпараттандырды.

Оқушылар М.Х.Дулатидың «Тарихи-и Рашиди» еңбегінен үзінді көрсетіп, күй орындады. Сондай-ақ ғұлама ғалымның өмірі мен шығармашылығынан сұрақтар қойылып, қатысушылар белсенді жауап берді, жасақталған кітап көрмесімен таныстырылып, шолу жасалды.

Шараға белсене қатысқан оқырмандар Алғыс хаттармен марапатталды.

«Артқа