Қазақ боксының ақыл-ойы

ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, екі дүркін Европа чемпионы, төрт дүркін КСРО чемпионы, алты дүркін Қазақстан чемпионы, екі дүркін Азия және Азия ойындарының чемпионы, Атланта олимпиадасының қатысушысы, КСРО-ның Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әйгілі боксшы Нұржан Дініқұлұлы Смановтың қатысуымен «Қазақ боксының ақыл-ойы» атты кездесу кеші өтті.

Әлемдік бокстың жұлдыздарын өз кезеңінде ойсырата жеңген Нұржан Сманов еңбек жолдары, жетістіктері, жеңістері мен спорттағы үзеңгілес достары, шәкірттері туралы әңгімеледі.

Кеш қонақтары «Шымкент келбеті» газетінің бас редакторы Бақтияр Тайжан, ЖОО оқытушылары Н.Бекбаев, Қ.Алибаев, Д.Елтаев ыстық лебіздерін білдірді.

Кеш қатысушылары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің колледжі, Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық – экономикалық колледжі студенттері сұрақтар қойып, аты аңызға айналған боксшы қызықты да тағылымды ой өрбітті.

«Артқа