1 наурыз – Алғыс айту күні

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының 6506 әскери бөлімінде «1 наурыз – Алғыс айту күні» атты кітап көрмесі көркемделіп, тақырыптық кеш өтті. Сарбаздар Қазақстанға жер аударылған өзге ұлт өкілдері жайында, олардың қазақ жеріндегі өсіп-өркендеуіне көп көмегін аямаған қазақ халқы жайында тың деректермен таныстырылды. Әскери бөлімнің кітапханашысы, сержант Нұргүл Баятанова Алғыс айту күнінің маңыздылығы туралы ақпарат берді. Кітапханашы Т.Имантаева көрме кітаптарымен таныстырып, патриоттық өлеңдер оқыды. Түрлі этнос өкілдерінен сарбаздар тобы қосыла ән шырқады. Шараға қатысушылар бір-біріне алғыс айтып, қазақ халқына, үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын ыстық лебіздерімен жеткізді.

«Артқа