2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы

Халықаралық балалар кітабы күніне орай «2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» көрме-насихат жасақталды. Оқырмандарға әлем елдерінің, Қазақстанның балалар жазушыларының кітаптары қойылып, мағлұматтар берілді.

Сектор меңгерушісі А.Алиева, кітапханашы А.Жұбан балалардың ой – өрісін кеңейтетін танымдық кітаптар, шытырман оқиғалар, ертегілер әлемінен сыр шерткен қызықты деректер ұсынды. «Балалар жазушылары Сізбен бірге», «Кітап алтын сандық, іші толған қазына, құт», «Сиқырлы ертегілер», «Поэзия – сәбидің жарқын жанары» тақырыптары қамтылған көрме бөлімдері мен көркем безендірілген кітаптар оқырмандардың қызығушылығын оятты.

«Артқа