45 жыл: Қызмет пен Құрмет

24 қазан – Кітапханашылар күні мерекесі қарсаңында Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының 45 жылдығына арналған «45 жыл: Қызмет пен Құрмет» салтанатты мерекелік кеші өтті.

Мерекелік кешке мәдениет өкілдері, ақын-жазушылар, кітапхана ардагерлері мен мекеме басшылары қатысты. Саз колледж өнерпаздарының ән шашуымен басталған кеш келген қонақтардың тілек-лебіздерімен ұласты.

Шымкент қаласы мәдениет тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысы м.у.а. Алмас Ерғалиұлының құттықтау сөзімен ашылған кеште бірқатар кітапханашыларды арнайы төсбелгісімен және алғыс хаттармен марапаттады.

45 жылдық тарихы бар кітапхананың өткен жолдарынан сыр шертті.

«45 жыл: Қызмет пен Құрмет» бейнеролигі көрсетілді, мектеп оқушылары өз арнауларымен әдеби композиция құрса, қобыздың сазды үнін ойнатқан Б.Әбдіманаптың күй шашуы кеш қонақтарын бір серпілтіп тастады.

«Артқа