Мерзімді басылымдар секторы

Мерзімді басылымдар секторы пайдаланушыларға Қазақстан мен Ресейде шығарылатын мерзімді басылымдар – газеттерге, журналдарға кең қолжетімділік көмегін көрсетеді. Келушілер еркін пайдалану үшін оқу залында қоғамдық-саяси, әдеби-көркем, ғылыми-көпшілік, мәдени-әлеуметтік, педагогикалық-әдістемелік, арнаулы мерзімді басылымдардың жаңа нөмірлері қойылған. Мерзімді басылымдарды насихаттау мақсатында БАҚ (радио, теледидар, баспа) арқылы ақпараттық шолулар жасайды, көпшілік шаралар өткізеді. «Айна» ақпарат клубы жұмыс жасайды.


Бөлім қызметі:


  • пайдаланушылардың сұраныстарын зерттей отырып, мерзімді басылымдар қорын толық құру, есепке алу, жүйеге келтіру және сақтау;
  • мерзімді басылымдар қоры арқылы оқырмандардың ақпараттық сұраныстарының сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
  • газеттер мен журналдардың жаңа түсімдерін ашық қарау мүмкіндігін ұсыну;
  • өзекті мәселелер бойынша мерзімді басылымдарды жинақтау;
  • қызмет көрсетудің сапасы және жылдамдығы;
  • мерзімді басылымдарды жарнамалау.