Құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтар ұйымдастыру бөлімі

Кітапхана қорын отандық баспа, ТМД және шетел баспа басылымдарының барлық түрлерінің топтамаларымен жүйелі түрде толықтырады. Әмбебап құрамды, әралуан түрдегі және тілдегі барлық басылымдар мен құжаттарды жинақтау арқылы кітапхана қорын әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен қамтамасыз етеді. Каталогтарды, кітап қорын жүйелейді және әдебиеттерді өңдеуді жедел түрде жүргізеді. Ақпараттық сұраныс пен пайдаланушылардың қажеттілігіне орай қордың сапасын жақсартуды қамтамасыз етеді.


Бөлім қызметі:


  • мемлекеттік бағдарлама бойынша шығарылатын басылымдардың қорға келіп түсуін қадағалау;
  • мемлекеттік бағдарлама бойынша шығарылатын басылымдардың қорға келіп түсуін қадағалау;
  • жаңа баспа басылымдарының міндетті даналарын сатып алу, сыйға алу, қорға жеткізілуін қадағалау, қорды толықтырудың негізгі көздерімен жұмыс жүргізу;
  • кітапханаға түскен басылымдарды Web-RABIS бағдарламасының «Қорды толықтыру» модулі бойынша қабылдау, қадағалау, есепке алу, тіркеу, техникалық өңдеу, компьютерге енгізу және оны тиісті бөлімдерге тапсыру;
  • әдебиеттерді өңдеу және ұйымдастыру, каталогтарды жүргізу және саралау;
  • мерзімді басылымдарға жазылуды дайындау, уақытылы қамтамасыз етілуін қадағалау;
  • кітапхана қоры қозғалысының есебін жүргізу.