Жемқорлықпен күрес – елге қосқан үлес

Шымкент қаласындағы әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі 2024 жылға арналған жоспар бойынша Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасында жастарды адал жолмен жүруге, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу мақсатында «Жемқорлықпен күрес – елге қосқан үлес» тақырыбында іс-шара болды.

Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Б.Жұмабек, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-нің тәрбие және жастар саясаты департаментінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтер Қ.Анарбаев, кітапхананың заң консультанты, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің зейнеткері Н.Ізтілеуов, мекеменің еңбек қорғау инженері, Төтенше жағдайлар қызметінің зейнеткері Д.Төлтаев қатысып, кітапхананың тұрақты оқырмандары М.Тынышбаев атындағы көлік колледжінің студенттеріне жемқорлықтың алдын-алу жайлы ойларымен бөлісті.

Жасақталған кітап көрмесімен таныстырылып, «Жемқорлық – ғасыр дерті» тақырыбымен дайындалған бейнебаян көрсетілді.


«Артқа