орынбасары А.Н.Сыдыков мырза кітапхананың мекенжайын алуға үлкен қолғабыс жасады.
1998 жылы тамыз айында кітапхана 653,5 шаршы метрлі екі қабатты жайға көшті.
2003 жылы жастарға патриоттық тәрбие бергені үшін жасөспірімдер кітапханасына «Халық қаһарманы» Қ.Рысқұлбеков есімі берілді. Бүгінгі таңда жасөспірімдер кітапханасы жасөспірімдерге – 14 пен 29 жас аралығындағы оқушылар мен жұмысшы жастарға арнайы қызмет көрсететін республикада сақталып қалған 4 арнайы жасөспірімдер кітапханаларының бірі. Ғаламдық ақпараттандыру ғасырында жасөспірімдер кітапханасы түрлі гранттарды жеңіп алу үшін жобалар жасауға кірісті. Бұл жұмыстар өз нәтижесін берді. 2003 жылдың маусым айында жасөспірімдер кітапханасында Интернетті қоғамдық пайдалану пунктін ашу үшін АҚШ-тың Халықаралық Зерттеулер мен Алмасу Кеңесінің (IREX) грантына ие болды. Кітапхана қызметкерлері IATP Серіктестіктерінің Халықаралық конференциясына (2003 ж. 28-31 шілде), Тұрақты Даму бойынша болатын Республикалық семинарға (2004 ж. 5 тамыз, Шымкент қаласында; 2004 ж. 24-25 қыркүйекте, Өскемен қаласында) қатысуға грант жеңіп алды. Үш жыл бойында Орталық тегін Интернетке қосылуды қамтамасыз етті, Дербес Компьютерді қолдануды үйрету үшін тегін тренингтер жүргізді. Жасөспірімдер кітапханасы осы жоба шеңберінде 2005 жылы 1500 доллар көлемінде грант жеңіп, ол сомаға қосымша екі компьютер, сканер және принтер алды. Осы 2003 жылы ШҚЖК Сорос-Қазақстан Қорының Шымкент қаласындағы Ресурсты Орталығымен серіктестік туралы келісім-шартқа қол қойды. Сонымен қатар, Санкт-Петербургтің мәдениет және білім қоғамдық қорымен серіктестік туралы келісім-шартқа қол қойды. Қор кітапханаға талапкерлерге арналған оқулық, әдістемелік әдебиеттерді, Санкт-Петербург тарихы мен мәдениеті туралы әдебиеттерді берді. Көптеген мектеп оқушылары Санкт-Петербургтің жоғары оқу орындарына оқуға түсті. Бұған ШҚЖК-ның да септігі тиді. 2007 жылы маусымда кітапхананың Интернет Орталығында Электронды Үкіметті Қоғамдық Пайдалану Пункті ашылды. Кітапханаға келушілердің әлеуметтік мәселелер бойынша түрлі ақпарат алуына, құжаттарды толтыруына, республикалық және жергілікті билік органдарының жұмыс барысымен таныс болып отыруына және т.б. мүмкіндігі бар. Кітапхананың шығармашылық бастамаларын, өзара қарым-қатынасты серіктестері қолдап және оны дамытып отырады. Ынтымақтастық шеңберінде ұлттық құндылықтарды, әдет-ғұрып және салт-дәстүрді, сондай-ақ, тарихи-