Кітапхана

этнографиялық және мәдени жәдігерлерді жаңғырту, насихаттау, жастардың бойында отансүйгіштік қасиетті арттыру, халқымыздың дәстүрлерін құрметтейтін патриот, оқуға қабілетті оқушыларды қалыптастыру мақсатында іс-шаралар жүргізіліп, жобалар жүзеге асырылады.

Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 9 сәуірдегі №290 қаулысына сәйкес «Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.

Кітапханада сала бойынша әдебиеттер, мерзімді басылымдар мен ақпаратты электронды тасымалдаудан тұратын 176000 дана қор қалыптасқан. Жылына кітапхана 140000-ға жуық келушіге қызмет көрсетеді.

Мекемеде 26 жоғары білімді, өз ізін жетік меңгерген шығармашылық қызметкерлер жұмыс жасайды. Көп жылғы кітапхана саласындағы еңбектері бағаланып 7 кітапханашы Қазақстандық Кітапханалық Одақтың «Қазақстанның Құрметті Кітапханашысы» төсбелгісімен марапатталған.

Кітапхана қызметін жаңашаландыру негізінде WEB-RABIS бағдарламасы орнатылып, электронды каталог құру жұмыстары жүргізілуде.

Кітапхананың ресми library-uko.kz сайтында жаңалықтармен, өткізілген іс-шаралар легімен танысуға болады.

Қамгерлер қауымы қашанда қоғамның айнасы, үні, қозғаушы күші. Еліміздің рухани өрісін өрнектеуге, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің өркендеуіне өзіндік үлестерін қосып келе жатқан өңіріміздің ақындары мен жазушыларының шығармаларын насихаттай отырып, әдебиетсүйер оқырманның жаңа кітаптармен, баспасөз бетінде жарияланған мақалалармен тезарада танысып, оқу мүмкіндігін тудыру мақсатында ашылған kalamger-uko.kz сайты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Мархабат Байғұтқа арналған baigut-uko.kz веб-сайты әдеби-танымдық бағытта жұмысын жүргізеді.

Кітапхана өзінің мақсатты бағыттарымен қызмет атқарып келеді, әр жылдарда жаңашылдыққа ұмтылып, толағай жетістіктерге жетіп, биік белестерден көрінуде.

2023 жылы шырағы биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы Жасөспірімдер кітапханасының құрылғанына 45 жыл толуына орай, «45 жыл:Қызмет пен Құрмет»шарасы өтті.

Еліміздің тың жаңалықтарымен оқырмандарды құлағдар ету, қызықты тұлғалармен кездесу, жергілікті ақын-жазушылардың ұлағатты, даналық