Кітапхана

әңгімелерін тыңдауға арналған және балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға бағытталған «Әдеби автобус», «Жас толқын», «Жүректен қозғайық», «Сөз киесін қастерлеген шайырлар», «Жазғы оқу» бағдарламасы, «Әжемнің ертегісі», «Алтын қоржын», «Таныс бейне» кітапханалық жобалар іске асырылуда.

Оқырмандардың рухани зияткерлігін қалыптастыру, мәдени – танымдық көзқарасын және шығармашылық ынтасын арттыру мақсатында «Жақсымен өткен жарты сағат», «Айна», «Кел сырласайық, қыздар!» клубтары жұмыс жасайды.

Кітапхана аймақаралық және республикалық деңгейдегі кітап оқуды ілгерілетуге бағытталған мәдени-ағартушылық, конкурстық жобалардың белсенді қатысушысы. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына – 2022» республикалық фестиваль-конкурсына қатысып, «Үздік қалалық маңызы бар балалар және жасөспірімдер кітапханасы қызметкері» номинациясын кітапханашы Құндызай Елекеева жеңіп алды.

Мәдениет саласын дамытудағы еңбектері үшін кітапхана директоры Раушан Бабажанова «Қазақстанның көрнекті кітапханашылары» анықтамалық кітабы мен «Шымкент қаласының энциклопедиясы» кітаптарына енді.

Кітапхана оқырмандары түрлі республикалық байқауларға қатысып, жеңіс тұғырынан көрінуде. 2023 жылы жазушы Х.Есенжановтың 115 жылдығына орай жарияланған республикалық шығармашылық байқауда Дина Раманкулова «Сурет» жанры бойынша І орын, Дильназ Ұтмаханбет «Поэзия» жанры бойынша номинация иегері атанды.

Кітапхананың іс-шаралары library-uko.kz ресми сайтында, Facebook, Instagram және ТикТок әлеуметтік желілерінде және кітапхананың Youtube каналында белсенді көрсетілуде.

Бұқаралық ақпарат құралдарында насихатталып, «Ontustik», «Отырар» телеарналарында сұқбаттар, республикалық, облыстық, қалалық мерзімді басылымдар беттерінде мақалалар жарияланып тұрады.